Алматы қаласының прокуратурасында тағайындау туралы

15 April 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы қаласының прокуратурасында тағайындау туралы - 388031204

Бас прокурордың 2018 жылғы 12 сәуірдегі бұйрығымен Берік Адамов Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Б.А. Адамов 1983 жылы туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының академиясын (құқық магистрі) бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр уақытта Астана қаласы Прокуратурасы басқармасының прокуроры, Бас прокуратура Департаменті бөлімінің аға прокуроры, Қарағанды облысы және Астана қаласы Прокуратурасы басқармасының бастығы, Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры қызметтерін атқарды.

2017 жылдың тамыз айынан – Алматы қаласы прокурорының орынбасары.

Еңбек өтілі прокуратура органдарында 14 жылдан астам. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

 

 

Алматы қаласының прокуратурасы

 

Comments

Add new comment