287 Мүгедектердің құқықтары қорғалды

21 January 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
287 Мүгедектердің құқықтары қорғалды   - 2070959236

Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы  ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша (арнайы сертификатталған құрылғылармен жабдықталған орындарда автотұрақ үшін төлеуден жалтару) әкімшілік іс жүргізулердің заңдылығын зерделеді.

2019 жылы осы бап бойынша I және II топтағы 287 мүгедек әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.

Сонымен қатар Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын ұйымдастыру ережесінің 38-тармағына сәйкес (Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысымен бекітілген), I және II топтағы мүгедектер тиісті растайтын құжаттың негізінде ақылы коммуналдық автотұрақтарда тегін көлік қою орындарын пайдаланады.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы аталған санаттағы азаматтарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді ЖҚҚ ААЖ деректер базасына түзетулер енгізу жолымен тоқтатты.  

 

                    Алматы қаласының прокуратурасы