Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 51406
    Дата: 19.03.2020 10:30:57
    Аты-жөні: Дошова Айгуль
    Сұрақ:
    Салеметсізбе прокурор мырза!!! Мен тенго кз атты микроқаржылық орталықтан қарыз алдым. Мен уақытында төйлей алмағандықтан олар қарызды Эксперт Плюс атты коллекторлық орталыққа өткізіп жіберген. Мен ол қарызды толық жаптым қаңтар айында. Енді Эксперт Плюс қарызымды жаппай отыр. Тенго кз перевод жасау керек деген сылтаумен. Өтті дөрекі Тенго кз пен Эксперт Плюс та. Мен осымен сізге 2 ші рет жазып отырмын. Бұл қарыздың шешімі болама. Не деген басыну.
    Жауап күні:
    15 мая, 2020 - 13:33
    Жауап:
    «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. Осыған орай Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасына арыздануға қажеттілігін хабарлаймыз. Одан басқа блог қызметін пайдалану талаптарына сәйкес: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы шағымдар мен өтініштер прокуратура органдарына арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы жолдау немесе электронды порталына жіберу арқылы жүзеге асырылатынын түсіндіремін. Электронды порталына өтініш жолдау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет
  • Сұрақ №: 51402
    Дата: 18.03.2020 22:01:00
    Аты-жөні: Маденова Айнур
    Сұрақ:
    Салеметсізбе. Менің өтінішім Алматы каласы, Алатау ауданы, Байбесік ықшам ауданының турғыны, Сәлем базарының 71 сауда орнының иесі азамат Манкей Тілеубекке катысты. Мен Маденова Айнур азамат Тілеубекке 5 наурыз 2020 жылы ас уй жиһазын жасатуға 43 000 тенге алғашкы салымын беріп тапсырыс бердім. Манкей Тілеубек наурыздың 11 і куні жиһазды алып келемін деп уәде еткен. Уақытылы тапсырысты алып келмегеніне байланысты жумыс орнына барып талап етіп едім жағдайын айтып тағы уш куннен кейін акеліп беремін деп уәдесін берген болатын. Енді хабарлассақ туткасын көтермейді алып келу уақыты да өтіп кетті. Колынан қол хат та жазып берді, уақытылы дайындап акелмеген жағдайда алған алғашқы салымды қайтарып беремін деп. Қайтарып беруін өтінгенімізде барлық керек жаракты алып койдым деп жағдайын айтқанға тусініспеншілікпен қарап куттік. Енді не жиһаз жоқ, не айтқан уәдесі жоқ бізді алдап кетті. Жоғарыда көрсетілген өтінішімді қарастыруыңызды өтінемін. Азамат Манкей Тілеубекке қатысты шара қолдануыңызды сураймын.
    Жауап күні:
    15 мая, 2020 - 13:37
    Жауап:
    «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. Одан басқа блог қызметін пайдалану талаптарына сәйкес: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы шағымдар мен өтініштер прокуратура органдарына арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы жолдау немесе электронды порталына жіберу арқылы жүзеге асырылатынын түсіндіремін. Электронды порталына өтініш жолдау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет
  • Сұрақ №: 51337
    Дата: 04.03.2020 21:31:02
    Аты-жөні: Дошова Айгуль
    Сұрақ:
    Салеметсізбе Құрметті прокурор мырза! Менің арызым Микроқаржылық орталық пен Эксперт Плюс коллекторларды орталыққа. Мен 2019 жылы Наурыз айында Тенго кз пен Көке кз микроқаржылық орталықтан қарыз алдым. Қантар айында толық тойледім. Бірақ осы уақытқа шейін менің қарызымды жаппай отыр. Эксперт Плюс бізге ақша аудару керек дейді. Көке кз пен Тенго кз аудардық дейді. Тенго кз менің номерімді бұғаттап тастаған. Неге бұлай істеп отыр? Қайда шағым түсірсем болады. Эксперт Плюс өте дөрекі қалай болса солай сөйлейді.
    Жауап күні:
    15 мая, 2020 - 13:49
    Жауап:
    «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. Осыған орай Алматы қаласы ішкі істер басқармасысна арыздануға қажеттілігін хабарлаймыз. Одан басқа блог қызметін пайдалану талаптарына сәйкес: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы шағымдар мен өтініштер прокуратура органдарына арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы жолдау немесе электронды порталына жіберу арқылы жүзеге асырылатынын түсіндіремін. Электронды порталына өтініш жолдау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет
  • Сұрақ №: 50705
    Дата: 25.10.2019 14:35:04
    Аты-жөні: Қалтаев Абай
    Сұрақ:
    Құрметті Прокурор Мырза! Мен, Қалтаев Абай Мырзажүнайтұлы Сізге айтар арызым бар,04.06.2019 жылы Алматы қаласы Гете көшесінің бойында болған жол-көлік оқиғасына байланысты Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 13 тамыз 2019 жылғы Судья Д.М.Алыбаевтың төрағалымен менің қатысуымсыз болған сот отырысы мені кінәлі деп тауып, 6 ай мерзімге көлік жүргізу құқығымнан айырды. Мен соттың шешімімен келіспей, Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсірдім. Сот отырысы 10 қазан 2019 жылы Судья С.С. Ташполатовтың төрағалығымен өтті. Менің апелляциялық шағымым қанағаттандырып,іс өндірістен қысқартылды. Алайда "Аманат" сақтандыру компаниясы шешім мәтінінде қарсы тараптың кінәлі екендігі жайлы сөйлемнің жоқтығын алға тарта отырып, Алматы қалалық сотының шешімін орындамай отыр.
    Жауап күні:
    13 ноября, 2019 - 09:21
    Жауап:
    ҚұрметтіАбай Мырзажүнайтұлы! Сіздің «Аманат» сақтандыру компаниясының іс-әрекетіне жазған арызыңыз қаралды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 2019 жылдың 13-ші тамызында Сіз Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылғансыз. 2019 жылдың 10-шы қазанында Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жоғарыда көрсетілген сот қаулысының күшін жойып, іс өндірістен тоқтатылған (қысқартылған). Түсіндіремін, Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексінің 8,9 баптарына сәйкес азаматтар немесе заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Осыған орай, Сіз «Аманат» сақтандыру компаниясының іс-әрекетіне қарсы аудандық сотқа азаматтық іс қозғау туралы белгілі бір талап-арызбен жүгінуге құқылысыз. Осы аталған іс мемлекет мүдделерін қозғайтын істер санатына немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілген істер категорияларына жатпайтындығын ескере отырып прокуратураның бұл жағдайда арызды түбегейлі қарауға процессуалдық мүмкіншілігі жоқ екендігін түсіндіреміз. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда Сіз жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа (жауаптың көшірмесін қоса) шағымдануға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 50136
    Дата: 17.07.2019 16:30:49
    Аты-жөні: Сатылғанова Гүлназ
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе, менің айтайын дегенім Алатау ауданындағы ішкі істер қызметкерлері біздің үйдің тоналуына (1 рет емес, міне 2-ші рет) байланысты берген арызымызға ешқандай шара қолданбай отырғаны туралы. Алатау ауданы, Көкқайнар ықш.ауд. Ақшағыл көшесінде орналасқан № 59-үйімізді белгісіз ұрылар осы жылдың шілде айының 13-нен 14-іне қараған түні есікті талқандап кіріп тонап кеткен. Сол күні 102 арқылы кезекші бөліммен әрең дегенде бірнеше рет хабарласып, полиция қызметкерлерінің 1 сағаттан аса уақытта келгенін хабарлағым келеді, үйдің тоналуы туралы арыз жазып бердік. Міне, содан бері полиция бір рет те хабарласқан жоқ. Көп уақыт өтпесе де, 5 жыл бұрынғы тоналған кездегідей қозғалған іс жауапсыз қала ма деп қауіптенемін. Көрші үйлерде тұрған бейнекамераларды тексеріп, неге шұғыл іздестірмейді. Сонда полиция осындай ірі ұрлықты таба алмаса, онда несіне жұмыс істеп, үкіметтен айлық алып отыр. Осы күнге дейін ешқандай әрекет еткен жоқ.Ұрлық деген жылдан жылға етек алып, көбейіп барады. Мұның алдын алмаса ертеңгі күніміз не болады. Осы мәселеміз бойынша өзіңіздің тарапыңыздан көмек көрсетуіңізді сұраймыз.
    Жауап күні:
    18 мая, 2020 - 11:58
    Жауап:
    «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. Одан басқа блог қызметін пайдалану талаптарына сәйкес: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы шағымдар мен өтініштер прокуратура органдарына арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы жолдау немесе электронды порталына жіберу арқылы жүзеге асырылатынын түсіндіремін. Электронды порталына өтініш жолдау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет

Беттер