Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 48122
    Дата: 04.02.2019 22:46:30
    Аты-жөні: Тергембаева Кенжегуль
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе, құрметті Алматы қаласының Прокуроры! Сізге Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, журналист ретінде жүгінемін. Қазіргі күні екінші деңгейлі банктерден 2012 - 2016 жылдар аралығындағы несиелерден заңсыз комиссияларды өндіру - бүкіл республика бойынша қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Осы жағдайды пайдаланып, халықтың қаражатын алаяқтық жолмен жинау, сот процестері өтті деп, ұзақ уақыт жұртты алдау фактісі анықталып отыр. Алматы қаласының тұрғыны, әлеуметтік желіде өзін заңгермін деп таныстырған Абишев Серик Самарбекович (ЖСН/ИИН 750207301534, мекенжайы: Алматы қаласы, Ақсай ауданы 3А, 58 үй, 2 пәтер) есімді азамат бүкіл Республика бойынша азаматтардың істерін жүргізіп беремін деп, Мемлекеттік Баж салығын жинап алып, уақытты созып келеді. Кейбір клиенттері соттың шешімін күтіп жүргеніне он айға жуықтаған. Ұзақ уақыт күтіп жүрген клиенттердің істерін Сот кабинеті арқылы өзге заңгерлерге тексертіп едік, ол кісілер бойынша соттың мүлдем болмағаны анықталды. Алданған халықтың басым көпшілігі ауылды мекендердің тұрғындары (біздің журналистік ақпарат бойынша заңсыз комиссияны өндіруді тапсырған адам саны ЕКІ МЫҢ АДАМНАН асады, Сақтандыру бойынша (страховканы өндіру) мөлшермен 400 адамдай. Акишев мырза аймақтарды аралап, "жаңа клиент" іздеуді жалғастыруда. Адамдардың бұдан әрі алдануын тоқтату мақсатында Сізден Абишев Сериктің қызметінің ЗАҢДЫЛЫҒЫН ТЕКСЕРУІҢІЗДІ және сол бойынша шұғыл шара қабылдауыңызды сұраймыз. Қолымызда бүкіл айғақтар, яғни, "Заңгер Абишевпен" арадағы вацап жазбаларының скриншоттары, телефонмен байланыс аудиожазбалары, сенімхат, оның адамының Каспий карточкасына салынған ақшалардың түбіртектері және өзге де айғақтар бар. Және зардап шегіп, зарығып жүрген клиенттер вацаптан топ құрып, сіздердің тексеру-тергеу амалдарыңыздың нәтижесін күтетін боламыз. Аса құрметпен, журналист Тергембаева Кенжегүл Ілиясқызы тел. 87074585209
    Жауап күні:
    7 наурыз, 2019 - 16:59
    Жауап:
    К.І. Тергембаеваға Құрметті Кенжегүл Ілиясқызы! Сіздің Алматы қаласы прокурорының блогына жазған С.С.Абишевтің алаяқтық әрекеттеріне қатысты шара қолдану туралы арызыңыз қаралды. Қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерге қатысты, сондай-ақ прокурорлық тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету актісін қабылдау жөніндегі өтініштерді прокуратураға жолдау келесі түрде жүзеге асырылатыны туралы назарыңызға саламыз: - қолға әкелеп беру; - пошта байланысы арқылы; - www.115.kz электрондық порталы арқылы. Өтінішіңізді www.115.kz электрондық порталы арқылы жолдау үшін Сіз Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алуыңыз қажет. Алматы қаласы прокурорының орынбасары Б. Адамов
  • Сұрақ №: 48041
    Дата: 25.01.2019 17:48:40
    Аты-жөні: Жәнет Дәлел
    Сұрақ:
    Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақбұлақ ықшам ауданындағы жаңадан бой көтерген (Алатау Сити) тұрғындар үйінде 95% қазақ ұлты қоныстанған, соған қарамастан барлық ақпараттық хабарландырулар орыс тілінде жазылып ілінеді. Мен осы мәселе бойынша тұрғындар үйінің әкімшілігіне(кск) кірдім. Мені Ғалымжан есімді азамат қабылдады. Менің конституциямен қорғалған құқығымның тапталып, еркін ақпарат алу құқығым шектеліп, тұтынушы ретіне құқығымның бұзылғанын, тіл туралы заңның 21-бабын сонымен қатар тұтынушылардық құқық мүдесін қорғау туралы заңның 3- тарау 7-бабын алға тартып, хабарландыруды мемлекеттік тілде не қос тілде жазуын талап еттім. Ол кісінің жауабы менің құқығымды шектеп қана қоймай дөрекілік көрсетіп «Қазақ тілінде әріп теріп отыратын уақытымыз жоқ, керек болса өзің келіп сұрап ал! орыс тілін бәрі біледі, сен неге үйренбейсің?!...қайда барсаң сонда бар, сотқа берсеңде...»- Деп мазақтады. Алматы қаласының тілдерді дамыту басқармасы қаншалық жұмыс істеп отыр? Және бұның сіздер тарапынан оң шешімі бола ма? Алматы қалсының тұрғыны Жәнет Дәлел 25.01.2019Ж
    Жауап күні:
    30 қаңтар, 2019 - 12:21
    Жауап:
    Құрметті Дәләл Жәнетқызы! Сізге «Прокуратура туралы» Заңның 21-бабы 1-тармағына сәйкес, прокуратура органдары өтініштерді орны толмас зардаптар (адамдардың өміріне, денсаулығына және еліміздің қауіпсіздігіне), сондай-ақ шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін дербес қорғай алмайтын (физикалық, психикалық және өзге жағдайлар) адамдардың құқықтарының бұзылуы жағдайларында қарайтыны хабарланады. Бұл ретте, прокурорлар өтініштердің көрсетілген санаты мынадай: құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылған немесе олардың орын алу қаупі болған; құзыретіне өтінішті қарау кіретін уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының қызметінде мүдделер қақтығысы болған; уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының шешіміне және іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) келіп түскен шағым болған жағдайларда ғана қарайды. Сіздің өтінішіңіз жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейді. Осыған байланысты, арызыңыз бойынша Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасына шағымданғаныңыз жөн. Уәкілетті органның жауабымен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылысыз. Алматы қаласы прокурорының орынбасары Б. Адамов Орынд. А.Бақашбаев тел.265-04-98
  • Сұрақ №: 47899
    Дата: 12.01.2019 08:24:35
    Аты-жөні: Асылбаевва Акнур
    Сұрақ:
    Кімге отінішпен кіруге болады тергеушіге арыздану туралы
    Жауап күні:
    18 қаңтар, 2019 - 18:57
    Жауап:
    Құрметті Ақнұр Сәкенқызы! Сіздің Бас Прокурордың блогіне жазған өтінішіңізді қарап, төмендегіні хабарлаймыз. Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында сағат 10:00-де Алмалы ауданының прокуроры Е.Т. Қилымжанов жеке қабылдау өткізеді. Сіз аталған уақытта Алмалы ауданы прокуратурасының ғимаратына келуіңіз қажет. Сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге (+7(727)229-11-71, +7(727)272-08-55) хабарласуыңызға болады.
  • Сұрақ №: 47788
    Дата: 03.01.2019 16:40:15
    Аты-жөні: Мырзаев Сакен
    Сұрақ:
    Здравствуйте! Прошу вас рассмотреть наше дело поданное в электронном виде 15.10.2018 году под номером 547436. Заявление писали на два портала в ДВД г Алматы и Прокуратуру. С тех пор никаких изменений нету.. Нам по поводу нашего заявления никто не звонил и не вызывал давать показания. Прошу принять меры. Прошло уже три месяца.
    Жауап күні:
    11 қаңтар, 2019 - 12:31
    Жауап:
    Мырзаеву С.С. Блог Генерального Прокурора Республики Казахстан Прокуратурой города Алматы рассмотрено Ваше обращение от 03.01.2019 г., поступившее на блог Генерального Прокурора РК, об информировании о принятом процессуальном решении. Сообщаю, что 18.10.2018 г. Ваше заявление зарегистрировано в КУИ Департамента полиции (далее – ДП) города Алматы за №187500030026425 и 19.10.2018 г. за исх.4-4-13/12818-И направлено в ДП Южно-Казахстанской области для принятия процессуального решения. Первый заместитель прокурора города Алматы А. Мухамадиев исп. Сибогатов А.Б. раб. тел.8-727-2650384
  • Сұрақ №: 47542
    Дата: 08.12.2018 21:21:19
    Аты-жөні: Рахимов Дастан
    Сұрақ:
    Мен, Рахимов Дастан Касымханулы отініш қалдырайын деп едим, 2017 жылы күзде Alphard Trans жеке касіпкер фирмасына грузоперевозка газел жүргізуші болып жұмысқа кірдім. Сол жерде Сәрсенбек Азат Әскербайұлы атты жігітпен танысып Алматы -Талдықорғанға екі үш күнде бір Азатпен груз апарып жүрдік. Жақсы араласып кеттік. 2018 жылдың 17 сәуірде Азат маған хабарласты, ол кезде мен ол жерде жұмыс жасамайтынмын. Маған звондап бир фирмада арзан бағаға авто көлік ұсынды. Маркасы KIA Optima 2011 жылғы көлікті 950 мың теңгеге ұсынып көндірді. Мен әйелім екеуміз және касымызда улым 2,5жастағы, қызым 6 айлық болды. Жинап жүрген Жилстройсбербанк депозиттен акшамызды шешіп алдық. Maxima сауда орталығының артындағы көпқабатты үйлердің алдында Азатпен кездесіп сол жерде көлікті көріп 950 мың теңгені қолына санап бердік. Азат бізге көлікті бір аптадан соң аласың деп айтты. Екі кун өткен соң Азат маған қайта хабарласты. Тағы бір маркасы Tayota Camry 2004 жылғы көлікті 660 мың теңгеге ұсынды. Мен осы сомманы тауып, Аэропорт жақта кездесіп осы көлікті көріп ақшаны қолына санап бердім. Азат екі көлік фирмадан үш төрт күнде бірге шығады деді. Содан Азатқа күнде хабарласып, көліктер қашан шығады деп сұраумен болдым. Сол арада бір ай уақыт өтті, екі көліктіде ала алмадым. Азат маған хабарласып Hyndai Accent автокөлігін ұсынды. Бұл көлікті ағама айтып едім ол қуана келісіп ақшасын алып келіп, көлікті көріп Азатқа 900мың теңгені санап қолына берді.Көліктер үш төрт күнде шығады деп сендірді. Содан арада тағы бір ай өтті. Күнде Азатқа хабарласып сұраумен болдық. Айтар жауабы күнде ертен көліктер шығады деп үміттендірді. Маусым айында Азат тағы маған хабарласып Tayota Land Cruiser 2005ж автокөлігін 3млн ға алатын адам барма деді. Мен бажаларыма хабарласып айттым. Екі бажам ақшаны алып келіп Азатқа санап қолына берді, көлікті үш күннен сон аласыңдар деді. Үш күн өтті, бір апта өтті, барлық көліктерде жоқ, өзіде жоқ болып кетті. Мені екі ортада бауырым мен екі бажаларымның алдында қарабет қылды және қарыздандырды. Шілде айында Алматы қаласы Жетісу аудандық РОВДға Азатқа арыз жаздым. Содан бері жазғаныма бір ай өткен соң Астана қаласынан Олжас атты тергеуші хабарласып Алматы қаласының Жетісу аудандық РОВДға келіп, мені тергеуге шақырды.Тергеуші Олжас бір екі күн Алматыда болып Астанага кетті. Содан бері ешқандай хабарда мәліметте жоқ. Сізден өтініш, осы істі козғап ашуға көмектессеңіздер.
    Жауап күні:
    21 желтоқсан, 2018 - 10:24
    Жауап:
    Д.К.Рахимовқа ҚР Бас Прокурордың блогы Алматы қаласының прокуратурасы Сіздің №187515031003553 қылмыстық істің созбалаңдыққа салынғаны туралы арызыңызды қарады. 23.07.2018 жылы Сіздің арызыңызды Жетісу АПБ-ның тергеушісі А.Шегиров ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, 09.10.2018 жылы ҚР ҚПК-нің 186-бабының талаптарына сай Астана қаласының Есіл АПБ-на жолданғаны анықталды. Сондықтан, аталған қылмыстық іс бойынша өз уәждеріңізді көрсете отырып, Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасына шағымдануыңыз қажет. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Алматы қаласы прокурорының орынбасары Қ. Мамаев Орынд А. Адырбеков тел. 265-05-44

Беттер