Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 178
    Дата: 11.12.2012 14:30:03
    Аты-жөні: СӘДІБЕК ДИНАРА
    Сұрақ:
    Алматы қаласының прокуроры Б.Н.Асылов мырзаға ШАҒЫМ Алматы қаласы аудандық сотында, 1985 жылы туылған, менін кайным Козикеев Аскар Таласовичке қарасты, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 28 бабы 5 бөлігі арқылы 178 бабы 3 бөлімі Б тармағымен және 183 бабының 2 бөлімінің А, В тармақтарымен айыпталған қылмыстық іс басты сот талқылауы барысында, қосымша тергеуге қайтарылған болатын. Сотталушы А. Козыкеевке жоғарыда көрсетілгендей адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша бөгде тұлғаның мүлкін ашық тонауға жәрдем көрсеткен -деп, алдын –ала тергеу барысында айып тағылған, демек алдын-ала қылмыс арқылы табылған бұйымды /затты/ сатып алу арқылы қылмыскерлерге көмектескендігін анықтап бекіткен. ҚР ҚІЖК-нің 24 бабы 1 бөлімінің талабына сай сот, прокурор, тергеуші және анықтаушы істі шындыққа жанастырып дұрыс шешім қабылдау мақсатында болған іс бойынша жағдайларды заңға сәйкес жан-жақты, нысанды, толық зерттеу кажеттігін көрсеткен. ҚР ҚІЖК-нің 24 бабы 2 бөлімінің талабына сәйкес қылмыскерлерді қудалау органдары нақты фактілерге сүйене отырып іске қажетті жағдайларды анықтаулары қажеттігі көрсетілген. А.Т. Козикеевке қатысты жағдайлар мен фактілер алдын-ала тергеу барысында жан-жақты және көлемді тексерілмеген, және зерттелмеген яғни, ҚР ҚІЖК-нің 24 бабының талаптары толығымен бұзылған. Сондықтан төмендегі көрсетілген жағдайларға байланысты оған тағылған айыптың негізі, демек түбірі жоқ. Атап айтқанда; Біріншіден, А.Козикеевке Фольсваген Туарег автокөлігі эпизоды бойынша алдын-ала тергеу барысында айып тағылмаған, бұл жағдай сот басты талқылауында толығымен анықталып отыр. Сонымен қатар, сот басты талқылауында жәбірленушілерде А. Козикеевтің кінәсі жоқтығын толығымен құптауда. Сондықтан, бұл эпизод бойынша А. Козикеевке қатысты бөлігін қысқартуыңызды өтінемін. Екіншіден, А.Т. Козикеевтің ашық тонауға қатысқан қылмыскерлермен байланысы бар немесе жоқтығы алдын-ала тергеу барысында толығымен зарттелмеген, демек, анықталмаған. Керісінше сот басты талқылауы барысында Б. Нурашовтың, қылмыс арқылы табылған көліктерді Б. Егізбаевтың таныстары арқылы сатып алғандығы іс құжаттарымен толығымен бекітіліп отыр. Басты сот талқылауы барысында А. Козикеевті А.Егізбаев пен Б. Егізбаев бұрын танымайтынын атап көрсетті. Үшіншіден, А.Т. Козикеев жоғарыда аталган екі көлікті сатып алмаған, бұл жағдай да іс құжаттарымен толығымен бекітілген. Аталған көліктерді Б. Нурашовтың, тойота камри көлігін 7000 АҚШ долларына, ал Фольсваген Туарег автокөлігін 6300 АҚШ долларына сатып алғандығы іс құжаттарымен құпталып отыр. Сонымен қатар, Б. Нурашов белгісіз тұлғалардан және Асқар есімді тұлғадан автокөліктерді алған кезде жанында А.Т. Козикеевтің болмағанын өз жауаптарында анық көрсеткен. Жоғарыда көрсетілген фактілер А.Т. Козикеевтің қылмыс жолымен алынған автокөліктерді күн ілгері сатып аламын деп, уәде бермегені және сатып алмағандығы нақты бекітілген. А.Т. Козикеевтің қылмыскерлермен тікелей қатысы анықталмаса/арада Нурашов пен Егізбаев бар/, сонда Козикеев пен қылмыскерлер араларында қандай сөз байласуы болу мумкін деген сұрақ туындайды. Төртіншіден; А.Т. Козикеев өз жауаптарында Б. Нурашовтың камри және Туарег автокөліктері бар екендігін және сол көліктерді сату керек деп көрсеткен. А. Козикеев өз кезегінде Габит есімді тұлға арқылы М. Мынбаевпен кездескен, ал көлікті сату әңгімесін тек Б. Нурашов Мыңбаев пен жеке кездесіп сөйлескен. Олардың араларында болған саудаға араласпаған, яғни Нурашов пен Мынбаев өзара келісіп, өзара саудаласқан. Б. Нурашов өз жауабында А. Козикеевтің жауабын толығымен құптаған. Демек, жоғарыда көрсетілген фактілер А. Козикеевтің сол кезде екі автокөліктің қылмыс жолымен табылғанын білуге мүмкіндігі болмағандығының дәлелі емес пе? Козикеев А. ашық тонау жасаған тұлғалаларды бұрын танымаса, олармен алдын-ала сөз байласуы болмаса, олардың қылмыс жолымен тапқан көліктерін сатып аламын немесе сатамын деп қалайша күні бұрын уәде бергені тіптен шындыққа жанаспайды. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 28 бабы 5 бөлігінде, қылмыс жасауға көмекші тұлға ретінде қылмыс жолымен табылған заттарды, бұйымдарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адамды көмектесуші болып танылады деп нақты көрсеткен. Яғни осы баппен айыпталатыны анық. Ал ҚР ҚК-нің 183 бабы 2 бөлімінде көрінеу қылмыс жолымен табылған мүлікті алдын-ала уәделеспей сатып алу немесе сату деп көрсеткен. Яғни бұл қылмыстық істер бойынша жасалатын қылмыстық әрекеттер біріне –бірі қайшы келетін қылмыстар, біреуі күні бұрын уәде беріп жасалған қылмыстық әрекет болса екіншісі алдын ала уәде бермей жасалатын қылмыс. Бұл екі бапты тергеушінің қалай будандастырып сотталушы А.Т. Козикеевке айып ретінде таққаны заңға сыйымсыз, өрескел заң бұзушылық деп танимын. Сондықтан, сотталушы А.Т. Козикеевке Қазақстан Республикасының ҚК-нің 28 бабы 5 бөлігімімен тағылған айыпты толығымен қысқартуыңызды өтінемін. Сонымен қатар, айыптау тарапы сотталушы А.Т. Козикевке Қазақстан Республикасының ҚК-нің 183 бабы 2 бөлімімен – яғни, қылмыс жолымен табылған мүлікті алдын-ала уәделеспей сатып алып немесе сатқан деп айып таққаны да заңға қайшы деп санаймын. Яғни бұл қылмыс қасақана жасалатын мүліктік қылмыстар қатарына жатады. Себебі, алдын –ала тергеу барысында және сот басты талқылауында А.Т. Козикеевтың қылмыс жолымен табылған көліктерді өзі сатып алмағаны және басқа тұлғаға сатпағаны қылмыстық істің құжаттарымен, яғни куәлар мен сотталушылардың жауаптарымен және беттестіру хаттамасымен толығымен бекітілген. Алдын-ала тергеу барысында анықталмаған тұлғалардан және Асқар есімді тұлғадан көліктерді сатып алған Нурашов Б. және камри -40 көлігін Мынбаевқа сатқан да Нурашов Б. екені сот басты талқылауында толығымен расталып отыр. Және де А. Козикеев алдын ала тергеу барысында да, сот басты талқылауында да көліктің қылмыс жолымен табылғанын Отар бекетінде полиция қызметкерлерінен білгенін айтып көрсеткен. Сонымен қатар, А. Козикеевтың Нурашов пен сөз байласып көлікті бірге сатып алғандығы, немесе қылмыс жолымен табылған көліктерді өзі сатып алғандығы, немесе көлікті сатып алуға Нурашовқа қаражат бергендігі туралы мәліметтер немесе жауаптар сот басты талқылау барысында нақты дәлелін тапқан жоқ. Ал, Қазақстан Республикасының 183 бабы 2 бөлімінде көрсетілген қылмыс бойынша субъект мүліктің қылмыс арқылы табылғанын біле тұра, табыс табу мақсатында нақты сатып алып, сатуы тиіс, яғни көрсетілген мән –жайлар А. Козикеевтің әрекетінде ешқандай қылмыстың жоқтығының дәлелі емес пе? Жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, Сізден өтінерім қадағалау органдарының осындай жүгенсіздікке жол бермеуін, сонымен қатар, заң талабына сәйкес қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеуді жүргізуін талап етуіңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    2013-01-11
    Жауап:
    Сәдібек Д.С. Сіздің Алматы қаласы прокурорының блогына келіп түскен А.Т.Козикеев негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы арызыңыз қала прокуратурасымен қаралды. Алмалы аудандық сотының 07.09.2012ж. қаулысымен №12751103101882 қылмыстық іс қайта тергеуге жолданғандығы анықталды. 26.11.2012 ж. Алмалы ауданы ІІБ ТБ Б.Нурашов, А.Козикеев, А.Егизбаев және Б.Егизбаевке қатысты ҚР ҚК 178 б., 3 б., «б» т. және 175 б., 3 б., «б» т. бойынша қылмыстық қудалау ҚР ҚІЖК 37 б., 1 б., 2 т. сәйкес қысқартылған. 28.11.2012 ж. айыпталушыларға ҚР ҚК 183 б.2 б.«а,б» т. бойынша жаңа айып тағылған. 03.01.2013 ж. бұл қылмыстық іс ҚР ҚІЖК 284 бабының тәртібінде Алмалы аудадық сотына мән-жайы бойынша қарау үшін жолданған. ҚР ҚІЖК 284 б. 3 б талаптарына сәйкес іс сотқа жіберлгеннен соң іс бойынша өтініштер мен арыздар тікелей сотқа жолданатындығын түсіндіреміз. Алматы қ. прокуратурасының Басқарма бастығы Е.Г.Мендешев орынд. Шамоев Ш. ' 265-05-47

Беттер