Ақпараттық хабарлама

13 ақпан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

 

Алматы қаласы прокуратурасының шақыруымен 2018 жылдың 10 ақпанында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің жанындағы сот психиатриялық сараптамасы бөліміне тергеумен қамалған И.Ерімбетовті азаптау туралы зерттеме жасау үшін Ұлыбританиядан тәуелсіз сот сарапшылар келді. Азаптау туралы И.Ерімбетовтің қорғау тарапынан пресс-конференцияларда және БАҚ-та мәлімденген. Осы факті бойынша қадағалау органымен қылмыстық іс қозғалған.

Ескере кетсек, келген мамандар білікті және жеткілікті беделі бар сарапшылар болып табылады. Олардың мақсатына, И.Ерімбетовтің психологиялық және физикалық жағдайын анықтау және оған тергеу изоляторында қамалуы кезіндегі заңсыз жауап алу әдістерін қолданылуы бойынша қорытынды беру кірген.

Алайда, И. Ерімбетов шақырылғандардың мәртебесіне қарамастан, сарапшыларға қажетті ақпаратты ұсынбай, кейін сараптамадан өтуден бас тартқан.

 

Алматы қаласы прокуратурасының

ақпараттық қызметі

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу