Алимент бойынша борышкерлерге және сотталғандар үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

06 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алимент бойынша борышкерлерге және сотталғандар үшін  бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды - 890071668
Алмалы ауданының прокуратурасымен және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы және «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесіп алимент бойынша борышкерлер мен сотталғандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 315 түлға пробациялық есепте тұр, оның 70-і тұрақты жұмыс істемейді. Қазір 20 млн.теңгеден астам алимент бойынша 30-дан астам борышкер жұмыс істемейді.
Осыған байланысты, жәрмеңке ұйымдастырушылары жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін түсіндірді, сондай-ақ «Бастау бизнес» мемлекеттік бағдарламасын ұсынды.
Осы акция барысында 10 адам жұмысқа орналастырылды, тағы 15 адам еңбек шартын рәсімдеу кезеңінде. Қалғандары жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізуде.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу