Алимент төлемегені үшін 16 автокөлік алып қойылды

23 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Алимент төлемегені үшін 16 автокөлік алып қойылды - 1196834946

Жетісу ауданының прокуратурасы жол полициясы қызметкерлерімен және Алматы қаласының жеке сот орындаушыларымен бірлесіп «Алиментті төле» және «Борышкер» акциясын өткізуде.

Акция борышкерлердің автокөліктерін орнату арқылы алимент бойынша берешекті азайтуға бағытталған.

Іс-тәжірибе көрсеткендей, автокөліктерді алғаннан кейін борышкерлер бар қарызды бірден төлейді.

Акция барысында борышкерлердің 16 автокөлігі ұсталып, 2 млн. теңгеден астам қарыз төленді, оның ішінде ағымдағы жылдың 14 қарашасында рейдті жүргізу барысында алимент төлеушілер 1 млн.теңгеге жуық ақша төлеген.

Сонымен қатар алдын алу шаралары қолданылмайтын төлемеушілер қылмыстық жауапиылыққа тартылады.

Ағымдағы жылдың қараша айында алимент төлемегені үшін сот үкімімен азамат Б. ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы