Алматы қаласы прокуратурасының қызметкерлері студенттермен кездесті

22 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы қаласы прокуратурасының қызметкерлері  студенттермен кездесті - 1057097667

ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаев халыққа Жолдауында «еститін мемлекет» тұжырымдамасын ұсынды, бұл азаматтардың барлық конструктивтік сұраныстарына жедел ден қоюды көздейді. Тек билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана үйлесімді мемлекет құруға болады.

Осыған байланысты, 2019 жылдың 20 қарашасында Алматы қаласының прокуратура және Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттерімен, оқытушыларымен кездесу өткізді.

Студенттердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қолданыстағы заңнама нормалары талқыланды.

Студенттер қаладағы қылмыстың жай-күйі, құқық қорғау органдарындағы құқық бұзушылықтардың қандай да бір түрлері үшін жауапкершілік қарастырылған жұмыстың ерекшеліктері және т.б. туралы белсенді қызығушылық танытты.

Халықтың құқықтық санасын арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Алматы қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу