Алматы қаласы прокурорының адвокаттармен кездесуі

17 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласының прокуроры Б.Қ. Жүйріктаевтің бастамашылығымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының өкілдерімен кездесуі өтті.

Қала прокуроры адвокаттарды тергеу және қамауға алынған тұлғалардың құқықтарын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырды.

Кездесу барысында адвокаттардың кәсіби қызметін жүзеге асыруына қатысты туындайтын проблемалық сұрақтар, атап айтқанда адвокаттардың қорғалушылармен тергеу изоляторында кездесу мәселелері талқыланды.

Прокуратураның бастамашылығымен ЛА-155/18 тергеу изоляторында қорғалушылармен кездесу кабинеттерінің саны 5-тен 18-ге дейін ұлғайтылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-мен бірге заманауи стандарттарға сай жаңа өткізу пунктінің құрылысы туралы сұрағы талқылануда. 

Кездесу қорытындысының нәтижесінде проблемалық сүрақтарды шешу мақсатында ЛА-155/18 тергеу изоляторына прокуратура және қорғаушылар арасынан бірлескен жұмыс тобы баруды ұйымдастырды.

 

Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу