Алматы қаласының құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесі

17 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

14.09.2019 жылы  Алматы қаласының прокуратурасында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда 2018 жылдың ағымдағы кезеңінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын сақтау, қылмыстық процестегі жазалау шараларын төмендету мен ізгілендіру мәселелері талқыланды.

Прокурорлар жыл басынан бері 200-ден аса негіссіз қозғалған істерді тоқтатып, 59 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады.

Қылмыстық қудалау органдарымен тіркелген 40 мыңға жуық қылмыстық істердің 15% немесе 6 мыңы ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылған. Бұл негіссіз тіркеу фактілерінің болғандығын айғақтайды.

Құқық қорғау органдары басшыларының назарлары азаматтық-құқықтық даулар бойынша қылмыстық істерді тіркеу фактілеріне жол бермеуге, сондай-ақ заңдылықты мүлтіксіз сақтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілерін жоюға аударылды.

Кеңестің қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың негізсіздігін жоюға бағытталған бірлескен шаралар кешені әзірленді.

 

Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу