Алматы қаласының прокуратурасы коммуналдық қызметтердегі тарифтерді ретке келтірді

09 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласының прокуратурасы монополистерді тұтынушылардың коммуналдық қызметтерінің шығындарын 6,6 млрд. теңгеге өтеуді міндеттеді.

Прокуратура жүргізген тексеріс кезінде «АлматыЭнергоСбыт» энергиямен жабдықтаушы ұйым өзінің шығындарын жасанды түрде ұлғайтқаны және негізсіз 1,1 млрд.теңгені шығындарын қосқаны анықталды.

«Алатау Жарық Компаниясы» форс-мажорлық жағдайының жоқтығына қарамастан, төтенше шараларға сілтеме жасай отырып, тарифты негізсіз ұлғайтқан.

Нәтижесінде, кәсіпорын халықтың есебінен 2,1 млрд.теңгеге байыған.

Өз кезегінде, «Алматы Су» шығындарын заңсыз ұлғайтумен қатар, артық су шығындарын тұтынушылардың есебінен жауып отырған.

Тұтынушыларға 600 млн.теңгені қайта есептеу туралы прокуратураның талабына шағым келтірілді, алайда сот қадағалаушы органды қолдады.

Сонымен қатар, басқа да монополистік кәсіпорындарда бұзушылықтар анықталды. Бұл «КазТранГаз Аймақ» тарапынан тарифтік сметаны 1,3 млрд.теңгеге орындамауы және «Алматы жылу жүйесі» тұтынушыларына 1,1 млрд.теңге мөлшерінде төлемдерді негізсіз есептегені болып табылады.

Тексеріс нәтижесі бойынша монополистер мен кінәлі түлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу