Алматы қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғауда

16 маусым 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Алматы қаласының Бостандық ауданы прокуратурасымен жеке кәсіпкердің өтінішін қарауы нәтижесінде Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кіріс Басқармасының (ары қарай - МКБ) әрекетінен заң бұзушылық табылды.

 Нақтырақ айтқанда, МКБ-ның бас маманы «К.» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік және Салық кодекстерінің нормасын бұзып, тексеруді тағайындау туралы актіні шығармай жеке кәсіпкерді шақырып, кәсіпкерлік әрекетіне қатысты құжаттарды талап еткен, яғни тексеріс жүргізген.

 Осының негізінде, салық инспекторының әрекетімен Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 4-тармағымен кепілденген жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік әрекетінің еркіндігіне деген құқығы бұзылған.

 Прокуратураның ұсынысы негізінде МКБ-ның бас маманы «К.» мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін " қызметтік сәйкестігі толық емес " - деген шара жарияланды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу