Алматы қаласының прокуратурасы Заң кеңесшілері палатасымен меморандумға отырды

26 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы қаласының прокуратурасы Заң кеңесшілері палатасымен меморандумға отырды - 956593916

26 қыркүйек 2018 ж., Бүгін қалалық қадағалау органында прокуратура мен Заң кеңесшілерінің палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісімнің мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын сақтау.

Меморандумға сәйкес заң кеңесшілері Алматы қаласының құқық қорғау орталығында ақысыз негізде халыққа құқықтық көмек көрсетпек.

Соның ішінде пробация қызметінде есепте тұрғандар,  зейнеткерлер, мүгедектер, ауыр өмірлік жағдайдағы және тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдер және кәмелетке толмағандар кіреді.

       Бұл бастама Заң кеңесшілері палатасы мүшелерінің өкіл ретінде сотта қатысуын көздейтін Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның қабылдануымен байланысты.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

Алматы қаласының прокуратурасы Заң кеңесшілері палатасымен меморандумға отырды - 1876596422

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу