Алматы қаласының прокуратурасымен жалған сот жойылды

03 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы қаласының прокуратурасымен жалған сот жойылды - 617357326

Алматы қаласында азаматша А. «Әділет» Халықаралық төрелік соты» толық серіктестігін құрып, сот төрелігін заңсыз жүзеге асырған.

Билік өкілінің атағын өз еркімен иемденіп алып, Қазақстан Республикасының атынан әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша шешімдерді (шешімдерді Мемлекеттік елтаңбамен және басқа да деректемелерімен фирмалық бланкіде) шығарып отырған.

Осы заңсыз сот актілерімен азаматтарды жүргізуші куәлігінен айырып және соманы өндіріп алып, тергеу изоляторынан тұлғаларды босатуға тырысқан.

Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Әділет» Халықаралық төрелік соты» ЖК қызметін жойды.

Жалған судьяға қатысты ҚР ҚК-нің 390-бабы бойынша (билік өкiлiнiң атағын өз бетiмен иемденіп алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

 

 

                  Алматы қаласының прокуратурасы