Алматы қаласының прокуратурасында тағайындаулар туралы

17 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокурордың 2019 жылғы 15 сәуірдегі бұйрықтарымен Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып Нұрсұлтан Рақышев, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры Асхат Жақыпов тағайындалды.

Н.Х.Рақышев 1984 жылы туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 2004 жылы Астана қаласы прокуратурасы Басқармасының прокуроры болып бастады.

Әртүрлі уақытта Бас прокуратура Департаментінің Бөлім прокуроры, Басқарманың аға прокуроры, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді.

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы Түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі арнайы прокурор, Арнайы табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры және Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуроры болған.

2017 жылғы шілдеден бастап – Ресей Федерациясындағы Бас прокуратураның өкілі.

Еңбек өтілі прокуратура органдарында 14 жылдан астам. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

 

А.Н.Жақыпов 1977 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша түлегі.

Прокуратура органдарында еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласының прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Кейін Медеу, Жетісу аудандары прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры қызметтерін атқарған. Медеу және Түрксіб аудандары прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығының орынбасары болды.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығы болып жұмыс істеді.  

Прокуратура органдарында 18 жылдан астам еңбек өтілі бар. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

Алматы қаласының прокуратурасында тағайындаулар туралы - 1259245188
Алматы қаласының прокуратурасында тағайындаулар туралы - 832127863

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу