Алматы прокуратурасы «STOP Экстремизм!» әлеуметтік жарнамасының байқауын бастады

16 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы прокуратурасы «STOP Экстремизм!»  әлеуметтік жарнамасының байқауын бастады - 1548420875

Осы жылдың күзінде барлық қазақстандықтар терроризмге қарсы әрекеттер туралы бейнеролик түсіріп, өздерін нағыз режиссерлер ретінде сынай алады. Ең жақсы жұмыс діни экстремизммен күресудің әлеуметтік жарнамасы болады және бас жүлде - 700 000 теңгені иеленеді.

Байқауды өткізудің мақсаты жастардың зейінін терроризм мәселесіне аудару және экстремисттік идеологияға қарсы әрекеттегі шығармашылық әлеуетін іске асыру болып табылады.  Жобаны Алматы қаласының прокуратурасы және «Social Development Center» Қоғамдық қоры іске асырады.

Байқауға қатысу үшін қазақстандық қоғамда діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алуға бағытталған ерекше бейнеролик түсіруіңіз керек. Жұмысыңыздың негізгі бағыттары төмендегідей болуы мүмкін:

  • Ұлттық дәстүрлер мен зайырлы мемлекеттің құндылықтарын насихаттау;
  • Конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту;
  • Халықтың діни және құқықтық сауаттылығын көтеру;
  • Терроризмнің дүниежүзілік қоғамдастық көлеміндегі қаупі.

Байқау жұмыстары бір автордан немесе авторлар ұжымынан қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 16 қазан – 21 қараша 2019 ж.

Байқау барысында қазылар алқасы үздік 5 бейнероликті іріктейді. Қатысушылар Алматы қаласында өткізілетін марапаттау рәсіміне шақырылады. Онда жеңімпаздарға келесі номинациялар бойынша сыйлықтар тапсырылады:

1. «Үздік әлеуметтік ролик» – 700 000 теңге;

2. «Үздік идея» – 400 000 теңге;

3. «Үздік режиссёрлік жұмыс» – 300 000 теңге.

Байқау  өтініштері stopextremism.kz@gmail.com адрес бойынша қабылданады.

Байқаудың барысы және қатысу туралы мәліметтерді Алматы қаласы прокуратурасының ресми парақшаларынан білуге болады:

Instagram – @prokuror_almaty.kz

Facebook – @almatyprokuror

 

Алматы қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу