Алматы прокуратурасында көлеңкелі экономика мәселелері талқыланды

21 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы прокуратурасында көлеңкелі экономика мәселелері талқыланды - 744669865

Алматы қаласының прокуратурасында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты. Күн тәртібінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Алматы қаласында шамамен 25 триллион теңге айналымымен 123 мың заңды тұлға тіркелген.  

Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес соңғы үш жылда қала банктерінде 1 триллион теңгеден астам қолма-қол ақша алған.

Алматы ел бойынша салықтың төрттен бір бөлігін береді, бірақ ақша ағындарының айтарлықтай көлемі көлеңкеде.

Алматы қаласы МКД жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы И.Б. Елубайдың мәліметтері бойынша тәуекелдік кәсіпорындарға 3,5 трлн. теңге айналымы бар 5 мыңнан астам кәсіпорын жатқызылған.  

Мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша белсенді талап қою жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта соттарда 83 млрд.теңгеге осындай 500-ден астам талап арыз қарастырылуда.

Үйлестіру кеңесі мүшелерінің шешімімен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы үшін тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылды.

Құқық қорғау органдарының назарын тауарлардың экспорты мен импорты арқылы ақша қаражатын шығарудың, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырудың заңдылығына аударды.

Екінші мәселе кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу, тергеу және сотта қарау мәселелері талқыланды.

Қала прокуроры қылмыстық қудалау органдарынан осы санаттағы қылмыстарды заңсыз тіркеу және кәсіпкерлерді қылмыстық процесс орбитасына заңсыз тарту фактілерін болдырмауды талап етті.

Бірлескен талқылау қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және қылмыстық процестің барлық сатыларында заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шешімдер мен ұсыныстар әзірленді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу