Алматы прокуратурасының шараларымен автотұрақ құны төмендетілді

15 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы прокуратурасының ұсынуы бойынша қаланың сауда үйі мен базарларының автотұрақ құны сағатына 300-ден 100 теңгеге дейін төмендеді.

Адамдардың шектелмеген тобының құқықтарына нұқсан келтірген бұзушылық, автотұрақ қызметін көрсетуші ұйымның басқаруына берілген, көлік құралдары көп жиналатын қаланың коммуналдық меншігіндегі аумақтарда жүргізілген баға мониторингінің қорытындылары бойынша анықталды.

Алматы қаласы әкімдігінің 11.08.2016 жылғы қаулысымен Көлік құралдарын қою тарифі - сағатына 100 теңге деп бекітілген.

Осы талапты бұза отырып, «Адем» сауда үйі және Солтүстік айналым көшесінің бойында орналасқан 14 базар («Алатау-1», «Алатау-2», «Алмалды», «Ақбұлақ», «Арлан», «Байсат», «Барыс», «Батыр», «Болашақ», «Қазына», «Олжа», «Рахат», «Сәлем», «Ялян») тұрақтарының құнын негізсіз көтеріп, бірінші сағаттан бастап 300 теңгені құраған.

Қалалық жұмылдыру басқармасының атына жолданған қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, автотұрақтардың құны жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес келтірілді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу