Ашық диалог: жастар және Алматы қаласының прокуратурасы

19 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ашық диалог: жастар және Алматы қаласының прокуратурасы - 1806406142

Алматы қаласы Құқық қорғау қызметтері орталығында Алматы қаласының студенттерімен кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу және ерте жүктілікке жол бермеу мәселелері бойынша кездесу өтті.

2015 жылдан бастап кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың 50%-ға, оның ішінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың 56%-ға төмендеуі байқалады.

Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылар арасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және репродуктивті денсаулықты алдын алу мәселесі өзекті болып қала береді.

Бұл Алматыда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының көп санын шоғырландырумен байланысты. Жыл сайын мегаполиске 100 мыңнан астам басқа қаладан студенттер келеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар мен студент жастардың арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтарды азайту.

Іс-шараға Алматы қаласы прокуратурасының, Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының, Алматы қаласы Полиция департаментінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу соңында қадағалау ведомствосы мен қалалық Адам репродукциясы орталығы жанындағы Ресурстық жастар орталығы арасында балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша бірлескен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Құқық қорғау қызметтері орталығының ғимаратында студенттер тегін заң кеңесін, ақпараттық-түсіндіру және психоәлеуметтік қолдау алды.

Алматы қаласының прокуратурасы

Ашық диалог: жастар және Алматы қаласының прокуратурасы - 1679694331
Ашық диалог: жастар және Алматы қаласының прокуратурасы - 1280020186

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу