БАҚ үшін ақпарат

25 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БАҚ үшін ақпарат - 2146859885

Коронавирус пандемиясына байланысты Алматы қаласында төтенше жағдай және карантин режимі енгізілді.

Мобильдік топ (Алматы қаласының прокуратурасы, әкімдік, Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу қызметкерлері қатарынан) жоғары құны бойынша бірінші қажетті тауарларды сату (алыпсатарландыру), сондай-ақ төтенше жағдай мен карантин жағдайларын бұзу фактілерін анықтауды және жолын кесуді жалғастыруда.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құжаттарсыз, жоғары бағалар бойынша медициналық маскаларды сатудың 9 фактісі анықталды. 4 млн. астам маскалар алынды, олар Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасына берілді (Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі – 2 млн.бірлік, Алматы қаласы бойынша ЭТД – 2,1 млн бірлік).

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғастырылуда (ҚР ҚК-нің 214-бабының 1-бөлігі).

Сонымен қатар карантин режимін бұзғаны үшін 84 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша), оның ішінде 39 қамауға алынды (73 шекарадан өту және 11 кәсіпкерлік субъектісі).

Мысалы, 2020 жылдың 23 наурызында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен азамат П. 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды (ҚР ӘҚБтК -нің 476-бабы).

Егер Сізге төтенше жағдай режимін бұзу фактілері белгілі болса, мобильді топқа +701-172-27-07, +7-701-755-06-99 нөмірі бойынша хабарлауды немесе мына мекенжайға хабарласуды сұраймыз: Алматы қаласы,Желтоқсан көшесі 189, кезекші прокурордың телефоны: +7 (727) 265-03-03-03.

 

Алматы қаласының прокуратурасы