Бостандық ауданының прокуроры Б.А. Жұмақанов еңбек ұжымымен кездесу өткізді

09 қаңтар 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

22.12.2016 жылы «Тиімді шағымдар қоғамына» атты жобаны іске асыру мақсатында Бостандық ауданының прокуроры Б.А. Жұмақанов Алматы қаласы энергетика және шаруашылық басқармасы «Алматы Су Холдингі» МКК өндіріс аумағында еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

 Кездесу кезінде аудан прокурорымен азаматтардың назарына Қазақстан Республикасының Президентінің «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасының және де 14.12.2012 жылғы Елбасының «Қазақстан 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауының басты бағыттары, сонымен қатар, аудан прокуратурасымен оларды іске асыру мақсатында атқаралып жатқан шаралар жайында хабарланды.

Сонымен қатар, азаматтарға еңбек және тұрғын үй заңнамасы саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі саласында, зейнетақы төлемдерін алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, банк заңнамасы бойынша  сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ, азаматтарға сенім телефондары және аудан прокуратурасының мобильді топтарының жұмысы жайлы ақпараттар жеткізілді.

Кездесу соңында кәсіпорын ұжымы осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін аудан прокуратурасына алғыс білдіріп, жұмысына сәттілік білдірді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу