Браконьерлікке қарсы іс-қимыл бойынша семинар-тренинг өтті

14 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Браконьерлікке қарсы  іс-қимыл бойынша семинар-тренинг өтті   - 1172826365

Ағымдағы жылдың 11-15 қараша аралығында Алматы қаласының прокуратурасында «Қазақстан Республикасындағы браконьерлікке қарсы күрес» тақырыбында семинар-тренинг өтіп, онда халықаралық сарапшылар (Австралия, Грузия), тәжірибелі аңшылық мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері сарапшы-жаттықтырушылар болды.

Семинар барысында қатысушылар – экологиялық прокурорлар мен полиция қызметкерлері, зерттеушілер мен сарапшылар, мүдделі мемлекеттік органдар, аңшылық шаруашылықтардың қоғамдық бірлестігі, орман және аңшылық шаруашылықтың аумақтық инспекторлары бір командаға бірікті.

Нақты жағдайларды талдау негізінде тыңдаушылар аумақтық инспекция қызметкерлерінің төтенше жағдайларға ден қоюының бірыңғай алгоритмін (Қарағанды және Ақмола облыстарындағы аңшыларды өлтіру туралы қылмыстық істердің материалдары негізінде) құра алды.

Мамандардың пікірінше, мұндай бұйрық бұл саладағы жұмыстың тиімділігін арттырып қана қоймай, ең алдымен аңшы мамандардың өмірін сақтап қалады.

Семинарға қатысушылар ең көне қорықтардың бірі болып табылатын (1931 жылы құрылған) Алматы мемлекеттік табиғи қорығына барды. Алаңда аңшы мамандардың жұмыстары көрсетіліп, жануарларды қорғауға бағытталған шаралар сипатталған. Семинар тыңдаушылары ашық аспан астындағы мұражайға үлкен қызығушылықпен келді.

Семинар соңында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің санын (қар барысы, қарақұйрық, арқар және т.б.) сақтау бойынша пилоттық жобаны бастау туралы шешім қабылданды. Браконьерлерді бақылайтын, сондай-ақ басқалардың сыбайлас жемқорлық қатерін болдырмауға мүмкіндік беретін бақылау камераларын құру және бақылау жоспарлануда.

Оң әсер алғаннан кейін проблемалық аудандарда бұл жоба іске қосылады.

Іс-шараны Алматы қаласаның прокуратурасы мен Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясы ұйымдастырып, онда экологиялық қауіпсіздіктің жеке жұмыс бағыты және Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар бюросы  атап өтілді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу