Чехия билігі Қазақстанға іздестіріліп жатқан адамды ұстап берді

07 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Чехия билігі Қазақстанға іздестіріліп жатқан адамды ұстап берді    - 1647495639

Алматы қаласының прокуратурасы қызметкерлері Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып, қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Чехия Республикасынан Иконников Сергей Анатольевичті экстрадициялады.

«Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бұрынғы директоры С.А.Иконников, сенiп тапсырылған мүлiктi аса iрi мөлшерде жымқырды деп күдіктелінуде.

Ол, 2017 жылдың наурызынан халықаралық іздеуге жарияланған.

Чехия Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының С.А.Иконниковті ұстап беру туралы сұрау салу хатын қанағаттандырды, ол Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу