Денис Тенның өліміне қатысты күдікті ұсталды

20 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

19-шілде шамамен 15.00 сағатта Алматы қаласы Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында Тен Денис Юрьевич өз көлігінің айнасын ұрламақшы болған екі белгісіз азаматтың үстінен түседі. Арада орын алған кикілжің салдарынан Денис пышақ жарақатын алады.

Ол қалалық Орталық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып, шұғыл түрде реанимациялық шаралар жүзеге асырылады.

Өкінішке орай, дәрігерлер бар күшін салғанымен Денис Тен қаза табады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағы яғни, ұйымдасқан топ болып қасақана адам өлтіру бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ мен ІІД-нің тәжирібелі қызметкерлерінен жасақталған аранай жедел-тергеу тобы құрылып, Департаменттің жеке құрамы жұмылдырылды. Қылмыстық іс бойынша процессуалды прокурорлар тағайындалды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде және куәгерлердің берген мәліметі бойынша, оқиға орын алған аумақтағы сыртқы бейне бақылау камераларының зерделенуі нәтижесінде күдіктілердің жеке бастары анықталды.

Күдікті ретінде олардың біреуі  Жамбыл облысында 1994 жылы туылған Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы ұсталып, уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Қорғаушылардың қатысуымен ол өз кінәсын толық мойындады.

Ал екінші күдіктінің жеке басы анықталып, оны қолға түсіруге бағытталған шаралар жүргізілуде.

Қылмыстың іс бойынша тиісті кешенді жедел-тергеу шаралары жүзеге асырылып, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Аталған қылмыстық іс ҚР Бас прокуроры мен ІІМ-нің жіті қадағалауына алынды.

Қылмыстық істің тергеу барысын азаматтарға жеткізе отырып,  біз Денис Теннің отбасының орны толмас қайғысына ортақтаса көңіл айтамыз.

 

Алматы қаласы Прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу