Ерлі-зайыпты Храпуновтар және олардың сыбайластарының ісі сотқа жіберілді

13 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласының прокуратурасы Виктор және Ләйлә Храпуновтардың, А. Іліясовтың және тағы 9 тұлғаға қатысты істі сотқа жолдады.

Храпуновтар мен Іліясовтың Қазақстан аумағынан тыс жерде болуына, прокуратураға келуден бұлтаруына  байланысты айыптау актілері олардың қорғаушыларына қолхатпен берілді.

Оған дейін ағымдағы жылдың 15 және 27 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы айыпталушыларды әрекетті саралау мен жауап алу жөніндегі қаулыны жариялау үшін келу қажеттілігін ескерткен болатын. Алайда, көрсетілген уақытта олар ешқандай себебін көрсетпестен келмеген.

Аталған тұлғалар мемлекет мүлкін жымқырғаны, алаяқтық жасағаны, лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдаланғаны, пара алғаны және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырғаны және ұйымдасқан қылмыстық топпен жасаған әрекеттері үшін айыпталуда. Мемлекетке келтірілген залалдың көлемі 250 млн АҚШ долларынан асады.

ҚР ҚПК 335-бабының талаптарына сәйкес сотталушылар  Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде болғанда және сотқа келуден жалтарғандасотістіолардың қатысуынсыз қарауға құқылы.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу