Есірткіге жол жоқ!!!

19 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен жастардың синтетикалық есірткі заттарын пайдалануының алдын алу мақсатында оның қолдануының зияны мен салдары туралы әлеуметтік бейнеролик дайындалды.

Қазіргі уақытта өсімдік тектес дәстүрлі есірткі құралдарын адам ағзасына әсері жағынан неғұрлым күшті және денсаулығы үшін аса зиянды жоғары концентрацияланған препараттармен ығыстыру жүріп жатыр.

Талдау синтетикалық есірткілерді қолдану кезінде адамдарда психикамен ауыр проблемалар, бақылауды жоғалту байқалатынын куәландырады, бұл көбінесе өзіне-өзі қол жұмсауға әкеледі.

Тек қала бойынша медициналық есепте 1 мыңнан астам есірткіге тәуелді азаматтар тұр. Есірткіні тұтынуға бейім адамдардың негізгі контингенті – жастар болып табылады.

Осыған байланысты, бұл жағдайды қоғамның бірлескен күш-жігерімен ғана өзгертуге болады. «Есірткіге жол жоқ!!!»

Алматы қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу