Өгей әкенің 2 жасар баланы өлтіргені туралы істі тергеу аяқталды

25 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Өгей әкенің 2 жасар баланы өлтіргені  туралы істі тергеу аяқталды - 1641550173

Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы екі жасар баланы өлтіру фактісі бойынша күдікті 1985 ж.т. «К» атты азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

  Оқиға ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде орын алған, бала  өгей әкесімен үйге келе жатқанда мазасызданып, оны тыныштандыруға тырысқан өгей әкесі балаға 3-4 рет соққы жасайды. Алған соққыдан бала жерге құлап түсіп, басын ұрып есін жоғалтады. Сол кезде өгей әкенің ойында баланы өлтіру пиғылы туындап, ес түссіз жатқан баланың іш тұсынан оң қолының жұдырығымен қатты соққы жасаған. Осы жағдайға куә болған кездейсоқ жүргінші сол жерге жедел жәрдем шақырған.

Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының процесс прокурорымен ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша (кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру) айыпталушы «К» атты азамат Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына берілді.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу