Прокуратура азаматтардың денсаулығын сақтауға 400-ден астам конституциялық құқықтарын қорғады

23 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура азаматтардың денсаулығын сақтауға 400-ден астам конституциялық құқықтарын қорғады - 1767982895

Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы 76 жұмыс берушіні анықтады, олар қызметкерлерді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаражат аудармаған.

ҚР «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің еңбек денсаулығын сақтау мүддесіне орай Қорға жұмыскердің кірісінен 1,5% көлемінде қаражатты ай сайын аударуға міндетті.

Алайда, жұмыс берушілер тарапынан 452 қызметкерге аударымдар жүргізілген жоқ.

Алмалы ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жұмыскерлердің денсаулығы үшін Қорға 1,6 млн.теңге аударылды. Кінәлі тұлғалар жазаланды.

Яғни, жұмыс берушілерге жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын бұлжытпай орындау қажеттілігі туралы түсіндіріледі..

 

Алматы қаласының прокуратурасы