Прокуратура органдарының өтініштерді қарау практикасы туралы

19 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, сапалы қарау, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру прокурорлар жұмысының басты бағытының бірі болып табылады.

Осы жылдың басынан прокуратураоргандарына азаматтар мен заңды тұлғалардан 198 мыңнан астам өтініш келіп түскен, оларды қарау нәтижелері бойынша 18 мыңнан астам арыз берушілердің құқықтары қорғалды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 300-ден астам прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

63 мыңнан астам азамат прокурорлардың жеке қабылдауында болды, олардың ішінде 28 мың 500-інпрокуратура органдарының басшылығы қабылдады.

Прокуратура органдарына келіп түскен өтініштердің жартысына жуығы немесе 45 %(90 мың) қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысына қатысты болған, 22 %(43мың) - әлеуметтік-экономикалық салағажәне12 %(23мың)қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот актілерімен келіспеуіне байланысты.

Қанағаттандырғанөтініштердің ең көп саны немесе 54 %(10 мың) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының актілері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген шағымдарды құрайды

Өтініштердің үштен бірі(70мың) құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдар мен ведомстволарға жолданды.

Өздерінің мәселелерін прокуратура органдарына жіберген кезде арыз берушілер көп жағдайдаөткен жылдан бастап қолданысқа енгізілген прокурорлардың өтініштерді қарауының жаңа тәртібінен хабарсыз екені байқалады.

«Прокуратура туралы» Заңға сәйкеспрокуратура органдары бұдан былай өтініштерді мынадай, егер:

-Президенттің тапсырмасы болған;

-адамның  өмірі  мен денсаулығына, қоғамның және мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас салдарға алып келетін қатер төнген;

- денсаулығының физикалық немесе психикалық бұзылуына және өзге де мән-жайларға байланысты адам өзін-өзі қорғай алмаған;

-шектелмеген адамдар қатарының құқығын бұзған, яғни объективті түрде адамдар қатарын анықтау мүмкін болмағанжағдайлардақарайды.

Бұл ретте, өтініштердің аталған санатын прокурорларқұқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың бұзылуы немесе оның болу қатері, сондай-ақ бақылаушы немесе қадағалаушы органның мүдделер қақтығысыболған не олардың шешіміне шағымданған жағдайларда ғана қарайды.

Сондықтан, егер өтініштер аталған критерийлерге сәйкес келмесе, онда азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің құқықтарын қорғау үшін тікелей уәкілетті органдарға не сотқа жүгінуі қажет.

Бұл талаптар, қарау тәртібі қылмыстық процестік, азаматтық процестік, әкімшілік құқық бұзушылық заңнамаларында, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамаларда белгіленген өтініштерге қолданылмайды.

2017 жылдан бастап азаматтық істер бойынша соттар шешімдеріне наразылық келтіру туралы прокурорлардың өтінішхаттарын қарау тәртібі өзгергеніне сондай-ақ назарларыңызды аударамыз.

АПК-нің 435-бабының жаңа редакциясына сәйкес процеске қатысушылардың өтінішхаттары бойынша Бас Прокурор прокурорлардың қатысуларымен қаралған азаматтық істер бойынша ғана наразылық келтіруге құқылы.

АПК-нің 54-бабының 2-бөлігі прокурорды үш жағдайда, егер дау мемлекеттің, қоғамның немесе өзін-өзі қорғай алмайтын азаматтардың мүдделерін қозғайтын болса ғана, қатысуға міндеттейді.

Бұл Бас прокуратура бұдан былай басқа даулар бойынша сот актілеріне Жоғарғы Сотқа наразылық келтіру туралы өтінішхатты қарай алмайды дегенді білдіреді.

Азаматтар мензаңды тұлғалар заңды күшіне енген шешімдерге Жоғарғы Сотқа шағымдануы тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды білуі арыз берушілерге  бірден қажетті адресатқа жүгінуге мүмкіндік береді, бұл олар көтеріп отырған проблеманың шешілуін жылдамдатады.

2017 жылы 100 нақты қадам – Ұлттық жоспарын іске асыру шеңберінде Бас прокуратураның және облыс прокуратураларының жанынан құрылған Құқық қорғау қызметтерінің орталықтары азаматтарға олардың құқықтық дауларын шешу кезінде елеулі көмек көрсетіп отырғанын атап өту қажет.

Орталықтардың негізгі міндеттері қолжетерлік қызмет көрсету, шағымдарды жедел шешу, құқық қорғау органдарына азаматтардың сенімдерін арттыру, әкімшілік кедергілер менасыра бюрократизмді жою болып табылады.

Оларда күн сайын тәжірибелі прокурорлар қабылдаудыжүзеге асырады, адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылары, пробация қызметінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері білікті және тегін құқықтық қызмет көрсетеді.

Ағымдағы жылы республиканыңорталықтарында 27 мыңнан астам азаматқа құқықтық көмек көрсетілді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу