Прокуратура жетім балалардың мүліктік құқықтарын қорғады

26 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура жетім балалардың  мүліктік құқықтарын қорғады - 803719871

Түрксіб ауданының прокуратурасы қорғаншылық және қамқоршылық органының жетім балалардың мүліктік құқықтарын қорғау бойынша шара қолданбау фактілерін анықтады.

Қорғаншы органдар 138 қамқорлықтағы балалардың мүлкін басқарады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Алайда, өзінің тікелей міндеттерін орындамай, ауыртпалық салынбаған (олар кәмелетке толғанға дейін) жылжымайтын мүліктен 7 жетім баланы айыра жаздаған.

Тек прокуратура шараларымен ғана бұл мүлікке ауыртпалық қойылған, бұл оларды иеліктен айыруды болдырмайды. Кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды.

Кәмелетке толмағандардың, оның ішінде жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау прокуратура қызметінің басым бағыттарның бірі болып табылады.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу