Прокуратураның ұсынуы бойынша 88 жеке сот орындаушысы жазаланды

26 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратураның ұсынуы бойынша 88 жеке сот орындаушысы жазаланды - 1828121026

Алматы қаласының аудан прокурорлары сот актілерін орындау кезіндегі көптеген жүйелі бұзушылықтарды анықтады.

Сот орындаушылары борышкерлердің мүлкіне ауыртпалық салмаған, олардың Республикадан тыс жерлерге шығуына шектеу қоймаған.

Тұрақты табысы мен заңды тұлғалардың үлесі болған жағдайда берешек өндірілмеген.

Мысалы, сот орындаушының кінәсінен борышкерге Әуезов ауданында бір жыл ішінде салықтарды төлемей, шекарадан кедергісіз өтуге және шетелде демалуға мүмкіндік берілген.

Осындай бұзушылықтарды Алатау, Алмалы, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының прокуратуралары жеке сот орындаушыларының қызметінде анықтады.

Қадағалау актілері бойынша 88 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы мемлекетке берешек сомасы 19 млрд. теңгеден асады.

Барлығы 3,3 млрд.теңге өндірілді, оның 20% - прокурорлардың шаралары бойынша.

Алматы қаласының прокуратурасы берешектің, оның ішінде алимент мен жалақының барлық түрлерін өндіріп алуға назар аударады.

Сонымен қатар сот актілерін орындамағаны үшін заңмен тиісті әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделгендігін түсіндіреміз.

Берешекті уақтылы төлеу және сот актілерін орындау әрбір борышкердің міндеті болып табылады.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу