Прокурорлар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнамасын түсіндіруде

20 қыркүйек 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 20.09.2016 жылы Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында Бостандық ауданды прокуратурасының ұйымдастырылуымен «Үлестік қатысу арқылы тұрғын үй алу» туралы заңнамасына қатысты түсіндіру жиын өтті.

 Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімі және құрылыс компания өкілдерінің қатысуымен өткен жиын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау, құқық бұзушылыққа жол бермеуге, жаңа заңның нормаларын түсіндіруге арналды.

 Қатысушалар арасында жаңа заң бойынша құрылыс компанияларына қойылатын талаптар, үлескерлердің құқықтарын реттейтін нормалар және тұрғын үй құрылысына үлескерлерді тарту шарттары талқыланды.

 Бостандық ауданы прокурорының орынбасары О.Бағжанов, биылғы жылдың 10 қазанында күшіне енетін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тек үш тәсіл арқылы ұйымдастырылатынын түсіндіріп өтті:

1. кепілдік беру қорынан кепілдік алу;

2. екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

3. тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

 Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) құрылысы үшін осы заңды көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады. – деп мәдімдеді.

 Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.

 Аудан прокуратурасымен үлестік қатысу арқылы тұрғын үй алу заңнамасын мемлекеттік органдарда және еңбек ұйымдарында өткізу жоспарлануда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу