«STOP экстремизм!» əлеуметтік жарнама байқауы туралы Ереже

21 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«STOP экстремизм!» əлеуметтік жарнама  байқауы туралы Ереже - 1415353432

1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «STOP экстремизм!» əлеуметтік жарнама байқауын (əрі қарай - Байқау) Алматы қаласы Прокуратурасының мемлекеттік əлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастыруды жəне өткізу шарттарының тəртібін реттейді, оның қатысушыларының шеңберін, байқау жұмыстары мен өткізу мерзімінің талаптарын анықтайды.
1.2. Байқаудың ұйымдастырушылары Алматы қаласы Прокуратурасы жəне «Social Development Center” қоғамдық қоры болып табылады.
2. Байқауды өткізу мақсаттары
2.1. Жастардың зейінін діни экстремизм мен терроризм мəселесіне аудару.
2.2. Жастардың шығармашылық əлеуетін төмендегідей маңызды жəне өзекті бағытта іске асыру: деструктивті ағымдар идеологиясының алдын алу жəне оларға қарсы əрекет.
2.3. Халықтың террористтік жəне экстремисттік əрекеттің заңға қайшылығы туралы құқықтық сауаттылығы мен ақпараттану деңгейін көтеру.
3. Байқауға қатысу шарттары
3.1. Байқауға оның шарттарына сəйкес жұмыстарын жіберген Қазақстан азаматтары (жеке авторлар жəне авторлар ұжымы) қатыса алады.
3.2. Байқауға қатысу үшін көрсетілген техникалық талаптар мен қойылған тақырыпқа сəйкес келетін, қайталанбайтын ерекше авторлық жұмыстар қабылданады.
3.3. Байқауға дінаралық, этникалық араздықты қоздыратын, діни экстремизм идеяларын және сот шешімі бойынша экстремистік деп танылған, Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың идеяларын насихаттайтын жұмыстар қабылданбайды.
3.4. Бір автордан немесе авторлар ұжымынан берілетін жұмыстардың саны шектелмеген.
3.5. Байқау жұмыстары екі тілде қабылданады: қазақ жəне орыс.
3.6. Байқауға ұсынылатын өнімдер жаңа немесе бұрын жарияланған болуы мүмкін.
3.7. Бір байқау жұмыс (бір бейнеролик) тек бір номинация бойынша жеңе алады.
3.8. “Үздік əлеуметтік ролик” номинациясының ұтысына тек қана жаңа, бұрын еш жерде жарияланбаған жұмыстар ұсыныла алады.
3.9. Байқауда жеңіске жеткен жағдайда жеңімпаз марапаттау рəсіміне өзі қатысуға немесе өзінің өкілін жіберуге міндетті. Бұл міндет орындалмаған жағдайда жүлделі орын байқаудың қазылар алқасының бағалау парағына сəйкес келесі қатысушыға өтеді.
3.10. Үшінші тұлғалардың құқығын бұзған авторлар мұндай құқықбұзушылық үшін жауапкершілікті өздері көтереді.
3.11. Байқауға қатысуға өтініш берген автор байқау жұмысын немесе оның бөліктерін қайтарылмайтын негізде қолдану жəне тарату құқығын Алматы қаласы Прокуратурасы мен «Social Development Center» қоғамдық қорына беруге келісім береді.
3.12. Байқауға қатысу тегін.
4. Байқауды өткізу кезеңдері мен мерзімі
4.1. Байқау кезеңі: байқау жұмыстарын іріктеу 2019 ж. 16 қазаннан 21 қарашаға дейін.
4.2. Бағалау: 2019 ж. 22-24 қараша.
4.3. Қорытынды: жеңімпаздарды марапаттау рəсімі – 30 қараша 2019ж.
5. Байқау тақырыбы
5.1. Қазақстандық қоғамда діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу.
5.2. Сіздің жұмысыңыздың негізгі бағыттары болуы мүмкін:
• Ұлттық дәстүрлер мен зайырлы мемлекет құндылықтарын тарату;
• Конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту;
• Халықтың діни жəне құқықтық сауаттылығын көтеру;
• Əлемдік қоғамдастық масштабында терроризм қаупі.
6. Байқау жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар:
6.1. Бейнеролик – электронды түрде (хронометражы 180 секундтан көп емес) AVI форматында жіберіледі. Бейнероликтің басында келесі ақпарат болуы керек: Байқаудың атауы, байқау жұмысының аты.
6.2. Байқауға камераға түсірілген роликтермен бірге компьютерлік графика және анимация арқылы жасалған роликтер қабылданады.
7. Өтініштер мен байқау жұмыстарын қабылдау тəртібі
Өтініш беру үшін қатысушылар байқау жұмыстарын stopextremism.kz@gmail.com электронды адресіне жіберулері керек. Ол хатта байланыс ақпараттары көрсетілуі қажет: аты-жөні, телефон нөмері, жасы, тұрғылықты мекен-жайы.
8. Байқаудың қорытындысын шығару жəне марапаттау рəсімі
8.1. Байқаудың қорытындысын бес адамнан тұратын, арнайы құрылған қазылар ұжымы байқауға ұсынылған жұмыстарды қарастыру жəне бағалау негізінде шығарады. Шешім хаттамамен рəсімделеді.
8.2. Байқаудың қорытындысы жүлделі 3 номинацияны ұйғарады:
1. «Үздік əлеуметтік ролик» – 700 000 теңге;
2. «Үздік идея» – 400 000 теңге;
3. «Үздік режиссерлік жұмыс» – 300 000 теңге;
Жəне екі 50 000 теңгелік жұбату жүлдесі.

Алматы қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу