«STOP Экстремизм!» әлеуметтік жарнама конкурсының қорытындысы

12 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«STOP Экстремизм!» әлеуметтік жарнама конкурсының қорытындысы - 980660797

Алматы қаласының прокуратурасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында республика жастары арасында «СТОП ЭКСТРЕМИЗИ» байқауын өткізді.

Байқауға Қазақстанның барлық аймақтарынан 77 қатысушыдан 130 авторлық жұмыс келіп түсті, оның ішінде қазылар алқасы 5 жеңімпазды іріктеп алды. Жіберілген 130 жұмыстың әрқайсысы қоғамға Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмнің таралу мәселесіне назар аударуды ұсынады.

Ең үздік жұмыстарды қазылар алқасының мүшелері: Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары - Берік Адамов, «Social Development Center» ҚҚ атқарушы директоры - Біржан Қазтұрғанов, байқаудың амбассадоры, Алматы Мәслихатының депутаты, бизнесмен - Қайрат Құдайберген, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры - Айнұр Құрманалиева, сондай-ақ режиссер - Мирас Төлеуханов іріктеді.        

Байқаудың жүлде қоры 1 500 000 теңге 5 қатысушы арасында бөлінді.

1. «Үздік әлеуметтік ролик» номинациясында - Хон Олег, «Я за мирную жизнь» жұмысы, жүлде 700 000 теңге.

2. «Үздік идея» номинациясында - Шпекпаев Алинур, «Призрак прошлого» жұмысы, жүлде 400 000 теңге.

3. «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясында - Алпи Рустем, «Уроборос» жұмысы, жүлде 300 000 теңге.

4. Ынталандыру сыйлығы - Алтынбек Мәжитов, «Последствия» жұмысы, 50 000 теңге жүлде.

5. Ынталандыру сыйлығы - Тоқсанова Сабина, «Вы не заметили» жұмысы, 50 000 теңге жүлде.

Алматы қаласының прокуратурасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында байқауларды өткізу жұмыстрын жалғастырады.

Алматы қаласының прокуратурасы