Алматыдағы су объектілерінде тексерістер жүргізілді

09 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматыдағы су объектілерінде тексерістер жүргізілді - 1472209178

Су объектілерін ластау, су қорғау аймағының режимін бұзу, өзен арнасының жағалауын қоқыстау фактілері Алматы қаласы арнайы табиғатты қорғау прокуратурасының тексеріс жүргізуімен анықталды.

Тексеріс жүргізу үшін, қадағалау органының бастамасы бойынша Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы, Экология департаменті, Алматы қаласының Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Жасыл экономика басқармасының экология бөлімі, Жергілікті полиция қызметі мамандарынан тұратын арнайы топ құрылды.

Іле-Алатау мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағында лас суларды «Үлкен Алматы» өзеніне ағызу үшін заңсыз құбырлар орнатқан 2 кафе анықталды.

Медеу ауданында 2, Алатау және Түрксіб аудандарының әрқайсысында 6 тұрғын үйден лас суларды өзен немесе арық бойына ағызу фактілері тіркелді.

«Үлкен Алматы», «Ащыбұлақ», «Қарғалы» және «Тереңқара» су объектілерінен алынған сынамалар бойынша жүргізілген микробиологиялық және санитарлық-химиялық зерттеулер, су құрамының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сай келмейтінін көрсетті.

Заңға қайшы әрекеттері үшін кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар қала аумағындағы өзен жағалауын қоқыс-қалдықтармен ластау деректері бойынша полиция қызметкерлері жеке меншік үй иелеріне қатысты 40 астам әкімшілік хаттама толтырып, ескертулер берді. 

Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Осыған  байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын су объектілерінің жағалауын тұрмыстық қалдықтармен ластамауды, мұндай фактілер орын алса аудандық полиция басқармаларының жанындағы табиғатты қорғау полиция бөлімдеріне хабарлауды сұраймыз.  

 

Алматы қаласының прокуратурасы

Алматыдағы су объектілерінде тексерістер жүргізілді - 828602196
Алматыдағы су объектілерінде тексерістер жүргізілді - 215088710
Алматыдағы су объектілерінде тексерістер жүргізілді - 239595745

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу