Пресс-анонс

07 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 11-15 қараша аралығында Алматы қаласының прокуратурасы базасында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесімен бірлесе отырып,  Мемлекет басшысының биылғы жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында жұмыстың басым бағыттарының бірі ретінде айтылған "Қазақстан Республикасында браконьерлікке қарсы іс-қимыл" тақырыбында семинар-тренинг өткізуді жоспарлап отыр.

Семинар табиғат қорғау прокурорлары мен полицейлерді, ғылыми қызметкерлер – сарапшыларды, мүдделі мемлекеттік органдарды, Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын, қорықтар мен орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшылары мен негізгі қызметкерлерін (45 адам) біріктіреді.

Оқыту барысында тыңдаушылар интерактивті кейстерді талдау негізінде қолданыстағы заңнамалармен жұмыс істейді, отандық құқық қолдану практикасымен және үздік шетелдік тәжірибемен танысады.

Семинар қорытындысы – тыңдаушылармен және сарапшылармен бірге төтенше жағдайлар кезінде аумақтық инспекциялар қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің дұрыс алгоритмін пысықтау (Қарағанды және Ақмола облыстарында қорықшыларды өлтіру бойынша қылмыстық істердің материалдары бойынша).

Басқа болжамдалатын нәтиже сарапшылар тобының (құқық қорғау органдары, халықаралық ұйымдар, ғалымдар, қорықтың қызметкерлері, мемлекеттік органдар) Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында пилоттық жобаны іске қосу жөніндегі жұмысы болып табылады.

Жобаның мақсаты-браконьерлер қызметінің жолын кесу және жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің (қар барысы, қарақұйрық, арқар және т.б.) санын сақтау үшін фотокамералар орнату және мониторинг жүргізу болып табылады.

Оң динамика алған жағдайда жобаны проблемалық аумақтарда іске қосу жоспарланып отыр.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу