Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 23 медициналық мекеме қызмет құнын төмендетті

10 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласының прокуратурасы медициналық мекемелердің қызметтерін ұсынудың заңдылығына талдау жүргізді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде туберкулезге қарсы диспансердің тұрғындарға беретін медициналық анықтамалардың құны екі есеге (500-ден 250 теңгеге дейін) төмендетілді.

Талдау барысында 22 медициналық мекеменің медициналық анықтама беру қызметтердің өзіндік құнын негіссіз жоғарылатқаны анықталды.

 Прокуратураның енгізген актілері көрсетілетін қызметтердің  құнын төмендетуге және алып тастауға мүмкіндік берді.

Мысалы, басқа жақтан келген азаматтарға СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталықпен берілетін анықтама үшін 650 теңге мөлшеріндегі төлем алынып тасталды. Наркологиялық орталықпен берілетін анықтамалар құны 250-ден 180 теңгеге дейін, ал Психикалық денсаулық орталығы – 250-ден 205 теңгеге төмендетілді.

Сонымен қатар, 19 емханамен тұрғындардан талап етілетін 083 және 086 нысандарының  құны айтарлықтай азайтылды.

Бұндай анықтамаларды жыл сайын 10 мыңнан астам азаматтар алады.

Медицина мекемелерінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралар – азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу