«Алматыдағы қауіпсіздік және қолайлылық»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

 

Қалалық прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Алматыдағы қауіпсіздік және қолайлылық» жобасын пысықтауда, оның мақсаты – қаланың тыныс-тіршілігі үшін өзекті мәселелерді шешу. Жоба келесі тармақтарды көздейді: атмосфералық ауа, медицина, жол көлік оқиғалары, экстремизімге қарсы әрекет. 

Алматы қаласы еліміздің сервистік экономикасы бар ірі мегаполисі болып табылады, сондықтан, қала тұрғындары мен қонақтары өздерін жайлы сезіну үшін бүгінгі талаптарға сай күш-жігерді қажет етеді.

Осыған байланысты, қаламызға бейқамдық танытпайтын әрбір тұрғынын өзінің ұсыныстарын, идеяларын және оларды іске асыру жолдарын: 7272166@prokuror.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Сіздің барлық ұсынысыныз іс-шаралардың кешенді жоспарын түзу барысында толығымен қарастырылады.

Сауалнама жүргізудің мақсаты қаланың проблемаларына қатысты конструктивті идеяларды, ұсыныстарды жинақтау, сондықтан жекебасты өтініш – тілектерді жолдамауды сұраймыз.

 

ТіркемеКөлем
File Анкета 12.84 KB