Алматы қаласының прокуратурасындағы тағайындау туралы

15 апреля 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы қаласының прокуратурасындағы тағайындау туралы - 1787431748

Бас прокурордың 2018 жылғы 12 сәуірдегі бұйрығымен Берік Адамов Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Б.А. Адамов 1983 жылы туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының академиясын (құқық магистрі) бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр уақытта Астана қаласының прокуратурасы Басқармасының прокуроры, Бас прокуратура Департаменті бөлімінің аға прокуроры, Қарағанды облысы және Астана қаласының прокуратурасы Басқармасының бастығы, Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры қызметтерін атқарды.

2017 жылдың тамыз айынан – Алматы қаласы прокурорының орынбасары.

Еңбек өтілі прокуратура органдарында 14 жылдан астам. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

 

 

Алматы қаласының прокуратурасы