«Түрксіб ауданының прокуратурасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды»

14 декабря 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Түрксіб ауданының прокуратурасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды» - 1884007597

Тұрғындардың арасында дау деңгейін азайту мақсатында Түрксіб ауданы прокуратурасының ғимаратында алғаш рет аудандық ауқымда медиация институтын дамыту әрі тиісті түрде қолдану мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара аудандық Прокуратура бастамасымен жүзеге асырылды.

Дөңгелек үстелге аудан әкімі, Алматы қаласы бойынша «Центр развития медиации» АҚБ өкілдері және аудандық құқыққорғау органдарының басшылары қатысты.

         Аудан прокуроры А. Шәріпов аталған кездесудің маңыздылығын ескере отырып, медиацияны азаматтық, салықтық және еңбек заңнамаларының аясында қолдану туралы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігін атап өтті.

         Ұсынысты қолдай отырып, аудан әкімі П. Кулагин азаматтық дауларды медиация арқылы реттеу жұмысын жандандырып, тұрғындар арасындағы келіспеушіліктерді сотқа дейінгі сатыда шешу керектігін айтты.

Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушылармен медиативті келісім жасасу кезінде туындайтын мәселер жайлы ой талқыланды.

Кездесуді қорытындылай келе тараптармен қызметтік серіктестік туралы меморандум жасасуға шешім қабылданды.

 

Алматы қаласы прокуратурасының

баспасөз қызметі

«Түрксіб ауданының прокуратурасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды» - 1405835085

Комментарии

Добавить комментарий